«Өтінімнің статусын тексеру»

Өтінім статусын тексеру үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» қосымша бетіне — «Өтінімнің статусын тексеру» бөліміне өтіңіз. «Өтінім нөмірі» алаңында, Сізбен алынған өтінімнің бірегей нөмірін енгізіңіз және «Іздеу» батырмасына басыңыз.

Тіркеу куәліктерін орнату үшін жабық кілттеріңіз сақталған папканы көрсетіңіз және іздеу белгісіне басыңыз. Өтінімді берген кезде қалыптастырылған жабық кілттеріңіздің сақтау орнын көрсетіңіз.

Назар аударыңыз! Егер кілттер қолдау көрсетілетін қорғалған жеткізгіштердің біреуіне шығарылған жағдайда: eToken 72K, eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, AKey, тіркеу куәліктерін орнатқан кезде құрылғыны алдын ала компьютерге қосыңыз.

Кілттерді сақтау орнын — Дербес компьютерді пайдаланған жағдайда –парольді толтыру алаңы пайда болады. Өзіңіздің ЭЦҚ кілттеріне пароль ойлап тауып, оны енгізіңіз.

Назар аударыңыз! Пароль латын әріпбесінен және сандардан қамтылуы тиіс. Парольдің ұзындығы кемінде 6 таңбадан құралып 32 таңбаға дейін болуы тиіс. Сонымен қатар, парольге келесі таңбаларды қосуға болады: жоғарғы регистрлі латын әріптері және арнайы таңбалар «#$^+=!*()@% &_?-.».

Көрсетілген парольді міндетті түрде есте сақтаңыз! Пароль қалпына келтірілмейді! ҚР ҰКО Сіздің парольдерді сақтамайды және пароль жоғалған жағдайда, бұл кілттерді кері қайтару қажет.

«Сертификаттарды жүктеу» батырмасына басыңыз.

Тіркеу куәліктерінің сәтті орнатылғанын хабарлайтын терезе пайда болады.

ЭЦҚ шығару аяқталды.