ЭЦҚ кілтінің құпиясөзін өзгерту

ЭЦҚ кілтінің құпиясөзін өзгерту үшін «ЭЦҚ кілтінің құпиясөзін өзгерту» бөліміне өтіңіз. Ашылған терезедегі «Кілттер қоймасы» өрісінде ЭЦҚ кілтінің сақтау орнын көрсетіңіз.

Маңызды! Егер «Кілттер қоймасы» өрісінде қорғалған тасымалдағыш таңдалса, құпиясөз тікелей қорғалған тасымалдағышқа орнатылады. Ал «Дербес компьютер» таңдалса, құпиясөз тікелей ЭЦҚ кілтіне орнатылады.

«Кілттер қоймасына жол» өрісінде ЭЦҚ кілті орналасқан орынды көрсетіңіз. Құпиясөз енгізу өрістерін толтырып, «Өзгерту» түймесін басыңыз.

Егер қойма ретінде «Дербес компьютер» таңдалса, құпиясөзі өзгертілетін ЭЦҚ кілтін көрсетіңіз. Құпиясөзді өзгерту рәсімі әрбір ЭЦҚ кілті үшін жеке орындалады.

Назар аударыңыз! ҚР ҰКО пайдаланушылардың құпиясөздерін сақтамайды. Құпиясөз жоғалған жағдайда ЭЦҚ кілтін қалпына келтіру мүмкін емес.

Құпиясөз сәтті өзгертілді.