«ЭЦҚ кілттерінің тізімі» бөлімінде бірінші басшы тиісті құқықтар берген қол қою құқығы бар қызметкер ұйым қызметкерлерінің ЭЦҚ сертификаттарын іздей алады және олардың күшін жоя алады.
Белгілі бір өтінімді іздеу үшін сүзгіні пайдаланыңыз. Қажетіне қарай «Өтінім нөмірі», «Жасалған күні», «Өтінім мәртебесі», «ЖСН» өрістерін толтырып, «Іздеу» түймесін басыңыз.
Барлық өтінімдерді көрсету үшін сүзгі өрістерін толтырмай «Іздеу» түймесін басыңыз.
Көрсетілген барлық мәліметтерді ыңғайлы форматта жүктеп алу үшін ЭЦҚ кілттері тізімінің соңында орналасқан «xlsx форматына жүктеу» түймесін басыңыз. ЭЦҚ сертификаттарының тізімі бар файл компьютеріңізге автоматты түрде сақталады.
Ұйым қызметкерлерінің ЭЦҚ сертификаттарының күшін жою үшін алдымен қажетті сертификатты тауып, содан кейін «Өңдеу» түймесін басыңыз.

Ұсынылған тізімнен күшін жою себебін таңдаңыз.

Берілетін өтінімдегі мәліметтердің дұрыстығын растайтын белгі қойып, «Кері қайтарып алу» түймесін басыңыз.

Өтінімге ЭЦҚ кілтімен қол қойыңыз.



ЭЦҚ сертификатының күшін жою рәсімі сәтті аяқталды.