Бұл бөлімде қолданыстағы ЭЦҚ кілттері болған жағдайда, тіркеу орталығына жүгінбей-ақ онлайн режимде өтінім беруге болады.
Негізгі өрістер қолданыстағы сертификаттарға сәйкес автоматты түрде толтырылады.
«Электрондық пошта» өрісіне электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз (бұл өрісті толтыру міндетті емес). Осы мекенжайға сертификаттардың күйі және өтінім нөмірі туралы хабарламалар жіберіледі.
Бір реттік кодты алу тәсілін таңдаңыз.

Код арқылы растағаннан кейін кілттер қоймасын таңдау терезесі ашылады.
«Қойма түрі» өрісінде ЭЦҚ кілті сақталған қойманы таңдаңыз.
«Сақтау орны» өрісінде ЭЦҚ кілті орналасқан буманы көрсетіп, «Ашу» түймесін басыңыз.

Берілетін өтінімдегі мәліметтердің дұрыстығын растайтын белгі қойып, «Растау» түймесін басыңыз.

Құпиясөзді енгізіп, «Ашу» түймесін басыңыз.

Кілтті таңдап, «Қол қою» түймесін басыңыз.
Өтінімнің мәртебесі және оның бірегей нөмірі көрсетілген ақпараттық терезе ашылады.

Өтінімнің өңделуін күтіңіз. Бұл процесс бірнеше секундтан бір минутқа дейін созылуы мүмкін. Өтінімнің мәртебесін тексеру үшін «Жаңарту» түймесін басыңыз.
Өтінім мәртебесі «Өтінім бойынша сертификаттар шығарылды» болып өзгерген кезде «Сертификаттарды жүктеу» түймесі пайда болады. Осы түймені басыңыз.

Сертификаттарды орнатуға арналған NCALayer бағдарламасының терезесі ашылады.
Жүйе бұрын таңдалған қойма түрі мен сақтау орнын автоматты түрде көрсетеді. Бумаға дейінгі жолдың дұрыстығын тексеріңіз. Егер буманың атауын өзгерткен немесе сақтау орнын ауыстырған болсаңыз, бұрын сақталған кілт орналасқан жаңа буманы көрсетіңіз.
ЭЦҚ кілтіне қол жеткізу үшін құпиясөз орнату ұсынылады. «Құпиясөз» және «Құпиясөзді растау» өрістеріне өзіңіз ойлап тапқан құпиясөзді енгізіңіз.

Құпиясөзге қойылатын талаптар:
- кемінде 6 таңбадан тұруы тиіс;
- кемінде бір бас әріп (A–Z) болуы қажет;
- кемінде бір кіші әріп (a–z) болуы қажет;
- кемінде бір сан (0–9) болуы қажет;
- сондай-ақ #$^+=!*()@%&_?-. арнайы таңбаларын пайдалануға болады.
Назар аударыңыз! Бұл құпиясөзді міндетті түрде есте сақтаңыз! Ол ҚР ҰКО жүйесінде сақталмайды және қалпына келтірілмейді. Құпиясөз жоғалған жағдайда ЭЦҚ кілтіне қол жеткізу мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда сертификаттың күшін жойып, оны қайтадан шығару қажет болады.
«Растау» түймесін басыңыз.
Орнату сәтті аяқталғаннан кейін «Сертификаттар сәтті орнатылды» деген хабарлама көрсетіледі.

Өтінім беру кезінде көрсетілген буманы ашыңыз. Онда ГОСТ стандарты бойынша жасалған бір ЭЦҚ кілті файлы болады. Бұл — пайдалануға дайын электрондық цифрлық қолтаңба кілті.

ЭЦҚ кілттерін қайта шығару сәтті аяқталды.