«Менің ЭЦҚ кілттерім» мәзірі
ЭЦҚ кілттерімен жұмыс істеу үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» қойындысына өтіңіз.

Ашылмалы мәзірден келесі бөлімдердің бірін таңдаңыз:
• ЭЦҚ кілттерін қайта шығару – қолданыстағы ЭЦҚ кілттері болған жағдайда, тіркеу орталығына жүгінбей-ақ онлайн режимде өтінім беруге мүмкіндік береді;
• ЭЦҚ кілттерін кері қайтарып алу – сертификаттардың күшін жоюға мүмкіндік береді;
• ЭЦҚ кілттерінің тізімі – қолданыстағы сертификаттарды көрсетеді;
• Өтінім мәртебесін тексеру – берілген өтінімнің мәртебесін тексеруге және сертификаттарды орнатуға мүмкіндік береді;
• ЭЦҚ кілтінің құпиясөзін өзгерту – ЭЦҚ кілтінің құпиясөзін өзгертуге мүмкіндік береді.