Қызметкерлердің ЭЦҚ-сы

«Қызметкерлердің ЭЦҚ-сы» мәзірінде ұйым қызметкерлеріне берілген барлық сертификаттар туралы ақпарат көрсетіледі. Бұл бөлімде ЭЦҚ кілттерін алуға берілген барлық өтінімдерді, ұйым қызметкерлеріне бұрын шығарылған барлық ЭЦҚ кілттерінің тізімін көруге, сондай-ақ ЖСН бойынша сертификаттарды растау және олардың күшін жою өкілеттіктерін басқа қызметкерге беруге болады.

Ашылмалы мәзірден келесі бөлімдердің бірін таңдаңыз:

ЭЦҚ кілттерін алуға арналғанөтінімдер – ұйым қызметкерлері берген ЭЦҚ кілттерін шығару туралы барлық өтінімдерді көруге мүмкіндік береді;
ЭЦҚ кілттерінің тізімі – ұйым қызметкерлеріне шығарылған сертификаттарды олардың ағымдағы мәртебесімен бірге көрсетеді;
Өкілеттіктерді беру – қол қою құқығы бар қызметкерге ұйым қызметкерлерінің сертификаттарын растау және олардың күшін жою өкілеттіктерін беруге мүмкіндік береді.