ЭЦҚ кілттерін алуға арналған өтінімдер

Ұйым қызметкерлерінің ЭЦҚ кілттерін шығару туралы өтінімдерін растау үшін «Қызметкерлердің ЭЦҚ-сы» → «ЭЦҚ кілттерін алуға арналған өтінімдер» бөліміне өтіңіз.

Белгілі бір өтінімді іздеу үшін сүзгіні пайдаланыңыз. Қажетіне қарай «Өтінім нөмірі», «Жасалған күні», «Өтінім мәртебесі», «ЖСН» өрістерін толтырып, «Іздеу» түймесін басыңыз.

Барлық өтінімдерді көрсету үшін сүзгі өрістерін толтырмай «Іздеу» түймесін басыңыз.

Қажетті қызметкердің өтінімі жанындағы «Өңдеу» түймесін басыңыз.

Өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, өтінім мәртебесін таңдаңыз.

Өтінімді растау қажет болса, «Өтінім ұйымның бірінші басшысы тарапынан расталды» мәртебесін таңдаңыз.

Егер өтінімді қабылдамау қажет болса, «Өтінім ұйымның бірінші басшысы тарапынан қабылданбады» мәртебесін таңдаңыз.

Содан кейін өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растап, тиісті белгі қойыңыз.

Растаудан кейін кілттер қоймасын таңдау терезесі ашылады.

«Қойма түрі» өрісінде ЭЦҚ кілті сақталған қойманы таңдаңыз.

«Сақтау орны» өрісінде ЭЦҚ кілті орналасқан буманы көрсетіп, «Ашу» түймесін басыңыз.

ЭЦҚ кілтін жасау кезінде орнатылған құпиясөзді енгізіңіз.

Құпиясөз дұрыс енгізілген жағдайда ЭЦҚ кілті көрсетіледі. Қажетті кілтті таңдап, «Қол қою» түймесін басыңыз.

Бірінші басшы өтінімді растағаннан кейін өтінімге «Өтінім ұйымның бірінші басшысы тарапынан расталды» мәртебесі беріледі. Егер өтінім қабылданбаса, оған «Өтінім ұйымның бірінші басшысы тарапынан қабылданбады» мәртебесі беріледі.

Ұйымның бірінші басшысы тарапынан өтінімді растау рәсімі сәтті аяқталды.