«Менің ЭЦҚ кілттерім» мәзірі

ЭЦҚ кілттерімен жұмыс істеу үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» қойындысына өтіңіз.

Ашылмалы мәзірден келесі бөлімдердің бірін таңдаңыз:

ЭЦҚ кілттерін қайта шығару – қолданыстағы ЭЦҚ кілттері болған жағдайда, тіркеу орталығына жүгінбей-ақ онлайн режимде өтінім беруге мүмкіндік береді;
ЭЦҚ кілттерін кері қайтарып алу – сертификаттардың күшін жоюға мүмкіндік береді;
ЭЦҚ кілттерінің тізімі – қолданыстағы сертификаттарды көрсетеді;
Өтінім мәртебесін тексеру – берілген өтінімнің мәртебесін тексеруге және сертификаттарды орнатуға мүмкіндік береді;
ЭЦҚ кілтінің құпиясөзін өзгерту – ЭЦҚ кілтінің құпиясөзін өзгертуге мүмкіндік береді.
«Ақпараттық жүйе (заңды тұлға)» үлгісі бойынша ЭЦҚ шығару – ақпараттық жүйенің иесі болып табылатын заңды тұлға үшін ЭЦҚ шығаруға өтінім беруге мүмкіндік береді. Бұл бөлім тек Объектілік идентификаторлардың қазақстандық сегментінде объектілік идентификаторларды тіркеу, қайта тіркеу және күшін жою қағидаларына сәйкес ақпараттық жүйеге OID алған заңды тұлғалар үшін қолжетімді. Қағидалармен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600013615;