Өтінім құпталғаннан кейін өтінім мәртебесін тексеру функциясын пайдаланыңыз.
Ол үшін «Өтінім статусынт тексеру» бөліміне өтіңіз.

Ашылған терезеде «Өтінім нөмірі» өрісіне онлайн өтінім беру кезінде алынған бірегей нөмірді енгізіп, «Іздеу» батырмасын басыңыз.

Өтінім туралы ақпарат көрсетіледі.
Өтінім күйі «Өтінім бойынша сертификаттар шығарылды» болып өзгерген кезде «Сертификаттарды жүктеу» батырмасы пайда болады. Оны басыңыз.

NCALayer бағдарламасының терезесі ашылады, сертификаттарды орнату процесі басталады.
Жүйе алдын ала таңдалған сақтау түрі мен орнын автоматты түрде көрсетеді. Қалтаның жолын тексеріңіз. Егер қалта атауын немесе сақтау орнын өзгерткен болсаңыз, жаңа жолды көрсетіңіз.
Қорғалған кілттік ақпарат тасымалдағышының құпиясөзін енгізіңіз.

«Құптау» батырмасын басыңыз.
Сәтті орнатылғаннан кейін «Сертификаттар сәтті орнатылды» деген хабарлама шығады.

Өтінім беру кезінде көрсетілген қалтаны ашыңыз. Онда ГОСТ стандарты бойынша ЭЦҚ кілт файлы көрсетіледі. Бұл – пайдалануға дайын электрондық цифрлық қолтаңба кілті.

ЭЦҚ кілтін алу сәтті аяқталды.
Қиындықтар туындаған жағдайда 1414 нөмірі немесе support@goscorp.kz электрондық поштасы арқылы техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.