Ұйым қызметкерлеріне шығарылған барлық сертификаттарды көру үшін «Қызметкерлердің ЭЦҚ-сы» → «ЭЦҚ кілттерінің тізімі» бөліміне өтіңіз.
Бұл бөлімде ұйым қызметкерлеріне шығарылған барлық сертификаттардың тізімі олардың ағымдағы мәртебесімен бірге көрсетіледі.
Белгілі бір өтінімді іздеу үшін сүзгіні пайдаланыңыз. Қажетіне қарай «Өтінім нөмірі», «Жасалған күні», «Өтінім мәртебесі», «ЖСН» өрістерін толтырып, «Іздеу» түймесін басыңыз.

Барлық өтінімдерді көрсету үшін сүзгі өрістерін толтырмай «Іздеу» түймесін басыңыз.
Көрсетілген барлық мәліметтерді ыңғайлы форматта жүктеп алу үшін ЭЦҚ кілттері тізімінің соңында орналасқан «xlsx форматына жүктеу» түймесін басыңыз. Сертификаттар тізімі бар файл компьютеріңізге автоматты түрде сақталады.