Құқықтарды табыстау

Заңды тұлға қызметкерлерінен келіп түсетін көптеген өтінімдерді растауды жеңілдету мақсатында бірінші басшының жеке кабинетінде қызметкерлердің сертификаттарын растау және олардың күшін жою өкілеттіктерін басқа қызметкерге беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл бірінші басшыға аталған өкілеттіктерді қол қою құқығы бар қызметкерге беруге мүмкіндік береді.

«Қызметкерлердің ЭЦҚ-сы» → «Құқықтарды табыстау» бөліміне өтіңіз.

Қол қою құқығы бар қызметкерге сертификаттарды растау және олардың күшін жою өкілеттіктерін беру үшін қажетті қызметкерді таңдап, «Редакциялау» түймесін басыңыз.

Егер жаңа қызметкерді қосу қажет болса, «Табыстау» түймесін басып, ЖСН бойынша іздеу арқылы қажетті қызметкерді таңдаңыз.

«Табыстау» тармағына белгі қойыңыз. Егер бұрын берілген өкілеттіктерді қайтарып алу қажет болса, осы белгіні алып тастаңыз.

Берілетін өтінімдегі мәліметтердің дұрыстығын растайтын белгі қойып, «Растау» түймесін басыңыз.

Растаудан кейін кілттер қоймасын таңдау терезесі ашылады.

«Қойма түрі» өрісінде ЭЦҚ кілті сақталған қойманы таңдаңыз.

«Сақтау орны» өрісінде ЭЦҚ кілті орналасқан буманы көрсетіп, «Ашу» түймесін басыңыз.

ЭЦҚ кілтін жасау кезінде орнатылған құпиясөзді енгізіңіз.

Құпиясөз дұрыс енгізілген жағдайда ЭЦҚ кілті көрсетіледі. Қажетті кілтті таңдап, «Қол қою» түймесін басыңыз.

Өзгерістерге қол қойылғаннан кейін әрекеттің сәтті орындалғаны туралы хабарлама көрсетіледі.

Қызметкерлердің өтінімдерін растау және олардың сертификаттарының күшін жою өкілеттіктерін беру рәсімі сәтті аяқталды.