Сертификаттарды шығаруға өтінім беру – ХҚКО / ҚР шетелдік мекемесі арқылы

Келісіммен танысып, келіскен жағдайда «Енгізу» батырмасын басыңыз.

Ашылған терезеде БСН мен суреттегі кодты енгізіп, «БСН тексеру» батырмасын басыңыз.

Енгізілген БСН бойынша Заңды тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (ЗТ МДҚ) базасымен сәтті тексеруден кейін «Ұйым атауы» өрісінде ұйымның тіркелген атауы көрсетіледі.

Одан кейін ЖСН енгізіп, «ЖСН тексеру» батырмасын басыңыз.

Енгізілген ЖСН бойынша Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (ЖТ МДҚ) базасымен сәтті тексеруден кейін деректеріңіз автоматты түрде толтырылады. Тексеруден кейін «Енгізу» батырмасын басыңыз.

«Электрондық пошта» өрісіне өз e-mail мекенжайыңызды енгізіңіз (міндетті емес). Осы мекенжайға тіркеу куәлігінің жай-күйі және өтінім нөмірі туралы ақпарат жіберіледі.

Назар аударыңыз! Егер деректеріңіз Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (ЖТ МДҚ) базасында болмаса, қалаңыздағы Әділет департаментінің құжаттандыру бөліміне жүгініңіз!

Назар аударыңыз! «Электрондық пошта» өрісін мұқият толтырыңыз. Қате енгізілген жағдайда, тіркеу куәлігінің жай-күйі және өтінім нөмірі туралы хабарламалар электрондық поштаңызға келмейді.

Келісімді растағаннан кейін кілттерді сақтау орнын таңдау терезесі ашылады.

«Қойма түрі» өрісінде қолжетімді нұсқаны таңдаңыз.

«Сақтау орны» өрісінде ЭЦҚ кілті сақталатын қалтаны көрсетіп, «Ашу» батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілтін қорғау үшін қорғалған тасымалдағышты пайдаланған дұрыс. Егер қорғалған тасымалдағыш қолдансаңыз, оны компьютерге қосыңыз – жүйе оны автоматты түрде анықтайды.

Келесі қадамда «Құптау» батырмасын басыңыз.
Өтінімнің күйі және оның бірегей нөмірі көрсетілген терезе ашылады.

Осы терезеде өтінімді PDF немесе DOCX форматында жүктеп алуға болады.

Назар аударыңыз! Өтінім нөмірін сақтап қойыңыз – ол ХҚКО / ҚР шетелдік мекемесінде өтінімді сәйкестендіру және шығарылған тіркеу куәліктерін орнату үшін қажет.

Маңызды! ҚР ҰКО ақпараттық хаттың жеткізілуіне жауапты емес. Хат келмеген жағдайда, спам қалтасын тексеріңіз, электрондық пошта мекенжайының дұрыстығына көз жеткізіңіз немесе пошта серверіңіздің сенімді екендігін тексеріңіз.

Назар аударыңыз! Өтінімді бергеннен кейін заңды тұлғаның Бірінші басшысына жүгініп, берілген өтінімді заңды тұлғаның Бірінші басшысының жеке кабинетінде растау қажет.

Назар аударыңыз! Өтінім берілген күннен бастап 1 ай ішінде қажетті құжаттар топтамасымен ХҚКО / ҚР шетелдік мекемесіне жүгіну қажет. Егер көрсетілген мерзімде өтінім ХҚКО / ҚР шетелдік мекемесінде расталмаса, өтінімнің күші жойылады. Қажетті құжаттар тізімімен ресми сайтта танысуға болады.