Бірінші басшы

Тіркеу куәліктерін алуға өтінім беру – бейрезиденттер

Браузерді іске қосып, мекенжай жолағына: pki.gov.kz деп енгізіңіз. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) басты беті ашылады.

«ЭЦҚ кілтін алу» мәзірін басыңыз. Қажетті бөлімді таңдаңыз: «Бейрезиденттер». «Бірінші басшы» бөлімін таңдаңыз.

Экрандағы ақпаратпен танысыңыз. Өтінім беру тәсілін таңдау құжаттардың болуына байланысты:

• Тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі болған жағдайда — «Өтінімді қашықтан беру» батырмасын басыңыз.
• Бұл құжаттар болмаған жағдайда — «Өтінімді ХҚКО арқылы беру» батырмасын басыңыз.