Келісіммен танысып, келіскен жағдайда «Енгізу» батырмасын басыңыз.

Енгізілген БСН бойынша Заңды тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (ЗТ МДҚ) базасымен сәтті тексеруден кейін «Ұйым атауы» өрісінде ұйымның тіркелген атауы көрсетіледі.
Одан кейін ЖСН енгізіп, «ЖСН тексеру» батырмасын басыңыз.

Енгізілген ЖСН бойынша Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (ЖТ МДҚ) базасымен сәтті тексеруден кейін жеке деректеріңіз автоматты түрде толтырылады.
«Электрондық пошта» өрісіне өз e-mail мекенжайыңызды енгізіңіз (міндетті емес). Осы мекенжайға сертификаттардың жай-күйі және өтінім нөмірі туралы ақпарат жіберіледі.
Назар аударыңыз! Егер деректеріңіз Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (ЖТ МДҚ) базасында болмаса, қалаңыздағы Әділет департаментінің құжаттандыру бөліміне жүгініңіз!
Назар аударыңыз! «Электрондық пошта» өрісін мұқият толтырыңыз. Қате енгізілген жағдайда, сертификаттардың жай-күйі және өтінім нөмірі туралы хабарламалар электрондық поштаңызға келмейді.

Келісімді растағаннан кейін кілттерді сақтау орнын таңдау терезесі ашылады.
«Қойма түрі» өрісінде қолжетімді нұсқаны таңдаңыз.
«Сақтау орны» өрісінде ЭЦҚ кілті сақталатын қалтаны көрсетіп, «Ашу» батырмасын басыңыз.
Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілтін қорғау үшін қорғалған тасымалдағышты пайдаланған дұрыс. Егер қорғалған тасымалдағыш қолдансаңыз, оны компьютерге қосыңыз – жүйе оны автоматты түрде анықтайды.

Келесі қадамда «Құптау» батырмасын басыңыз.
Өтінімнің күйі және оның бірегей нөмірі көрсетілген терезе ашылады.

Осы терезеде өтінімді PDF немесе DOCX форматында жүктеп алуға болады.
Назар аударыңыз! Өтінім нөмірін сақтап қойыңыз – ол ХҚКО / ҚР шетелдік мекемесінде өтінімді сәйкестендіру және шығарылған сертификаттарды орнату үшін қажет.
Маңызды! ҚР ҰКО ақпараттық хаттың жеткізілуіне жауапты емес. Хат келмеген жағдайда, спам қалтасын тексеріңіз, электрондық пошта мекенжайының дұрыстығына көз жеткізіңіз немесе пошта серверіңіздің сенімді екендігін тексеріңіз.
Назар аударыңыз! Өтінім берілген күннен бастап 1 ай ішінде қажетті құжаттар топтамасымен ХҚКО / ҚР шетелдік мекемесіне жүгіну қажет. Егер көрсетілген мерзімде өтінім ХҚКО / ҚР шетелдік мекемесінде расталмаса, өтінімнің күші жойылады. Қажетті құжаттар тізімімен ресми сайтта танысуға болады.
ХҚКО / ҚР шетелдік мекемесінде өтінім расталғаннан кейін өтінім мәртебесін тексеру функционалын пайдаланыңыз.
Ол үшін « Өтінім статусынт тексеру » бөліміне өтіңіз.

Ашылған терезеде «Өтінім нөмірі» өрісіне онлайн өтінім беру кезінде алынған бірегей өтінім нөмірін енгізіп, «Іздеу» батырмасын басыңыз.

Өтінім туралы ақпарат көрсетіледі.
Өтінім мәртебесі «Өтінім бойынша сертификаттар шығарылды» болып өзгерген кезде «Сертификаттарды жүктеу» батырмасы пайда болады. Оны басыңыз.

NCALayer бағдарламасының терезесі ашылып, сертификаттарды орнату процесі басталады.
Жүйе алдын ала таңдалған сақтау түрі мен орнын автоматты түрде көрсетеді. Қалтаға дейінгі жолдың дұрыстығын тексеріңіз. Егер қалтаның атауын өзгерткен болсаңыз немесе сақтау орнын ауыстырсаңыз, бұрын сақталған кілті бар қалтаға жаңа жолды көрсетіңіз.
Сізге ЭЦҚ кілтіне қол жеткізу үшін құпиясөз орнату ұсынылады. «Құпиясөз» және «Құпиясөзді құптау» өрістеріне құпиясөз ойлап тауып енгізіңіз.

Құпиясөз қойылатын талаптар: кемінде 6 таңба, міндетті түрде кемінде бір бас әріп (A-Z), бір кіші әріп (a-z) және бір сан (0-9) болуы қажет. Сондай-ақ «#$^+=!*()@%&_?-.» арнайы таңбаларын пайдалануға болады.
Назар аударыңыз! Бұл құпиясөзді есте сақтаңыз! Ол ҚР ҰКО жүйесінде сақталмайды және қалпына келтірілмейді. Құпиясөз жоғалған жағдайда ЭЦҚ кілтіне қол жеткізу мүмкін болмайды және сертификатты кері қайтарып, қайта шығару қажет болады.
«Құптау» батырмасын басыңыз.
Сәтті орнатудан кейін «Сертификаттар сәтті орнатылды» хабарламасы көрсетіледі.

Өтінім беру кезінде көрсетілген қалтаны ашыңыз. Сол жерде ГОСТ стандарты бойынша ЭЦҚ кілт файлы көрсетіледі. Бұл – пайдалануға дайын электрондық цифрлық қолтаңба кілті.

ЭЦҚ кілтін алу сәтті аяқталды.
Сертификаттарды алу барысында қиындықтар туындаған жағдайда, 1414 нөмірі немесе support@goscorp.kz электрондық поштасы арқылы техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.