Сертификаттарды шығаруға өтінім беру

Браузерді іске қосып, мекенжай жолағына: pki.gov.kz деп енгізіңіз. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) басты беті ашылады.

«ЭЦҚ кілттерін алу» мәзірін басыңыз. Қажетті бөлімді таңдаңыз: «Заңды тұлғалар». «Қазынашылық-Клиент» АЖ қатысушысы» бөлімін таңдаңыз.

Экрандағы ақпаратпен танысып, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.

Келісіммен танысып, келіскен жағдайда «Енгізу» батырмасын басыңыз.

Ашылған терезеде БСН мен суретте көрсетілген кодты енгізіп, «БСН тексеру» батырмасын басыңыз.

Енгізілген БСН бойынша Заңды тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (ЗТ МДҚ) базасымен сәтті тексерілгеннен кейін «Ұйым атауы» өрісінде ұйымның тіркелген атауы көрсетіледі.

Одан кейін ЖСН енгізіп, «ЖСН тексеру» батырмасын басыңыз.

Енгізілген ЖСН Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (ЖТ МДҚ) базасымен сәтті тексерілгеннен кейін деректеріңіз автоматты түрде толтырылады. Деректерді тексерген соң «Енгізу» батырмасын басыңыз. Міндетті бейне сәйкестендіруден өту үшін сіз Digital ID порталының бетіне бағытталасыз.

Ашылған Digital ID бетінде ЖСН мен ұялы телефон нөміріңізді енгізіп, кейін «Код алу» батырмасын басыңыз.

Сізге коды бар SMS-хабарлама келеді. Алынған кодты тиісті өріске енгізіңіз.

Браузер камераны пайдалануға рұқсат сұрайды. «Рұқсат ету» батырмасын басыңыз.

Егер компьютеріңізде камера болмаса немесе ол жұмыс істемесе, жүйе автоматты түрде QR-кодты көрсетеді. Оны смартфон камерасымен сканерлеңіз – телефонда бет ашылады, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

Бейне-тексеру процесі басталады. Экрандағы нұсқауларды орындай отырып, бетіңізді камераға жақындатуыңыз қажет.

Деректерді талдау аяқталғанша күтіңіз. Бұл бірнеше секундқа созылуы мүмкін.

Маңызды! Бейне-тексерудің 5 сәтсіз әрекетінен кейін қолжетімділік 15 минутқа бұғатталады. Кейінірек қайта әрекет ете аласыз немесе pki.gov.kz/poluchenie-con сайтында өтінім беріп, ХҚКО-ға барып сәйкестендіруден өтуіңізге болады.

Сәтті тексеруден кейін жүйе ҚР ҰКО-ға жеке куәлік деректеріне және «Мобильді азаматтар базасында» (МАБ) тіркелген телефон нөміріне қол жеткізуге рұқсат сұрайды. «Рұқсат ету» батырмасын басыңыз.

Бейне-тексеру аяқталғаннан кейін сіз ҚР ҰКО сайтына қайта ораласыз. Жеке деректеріңіз автоматты түрде толтырылады.

Назар аударыңыз! Егер деректеріңіз ЖТ МДҚ базасында болмаса, қалаңыздағы Әділет департаментінің құжаттандыру бөліміне жүгініңіз!

Іздеу белгішесін басу арқылы «Рөл» өрісін таңдаңыз.

«ММ/СКС коды» өрісіне тіркелген ММ/СКС кодын енгізіңіз.

«Электрондық пошта» өрісіне e-mail мекенжайыңызды енгізіңіз (міндетті емес). Осы мекенжайға сертификаттардың жай-күйі және өтінім нөмірі туралы ақпарат жіберіледі.

Назар аударыңыз! «Электрондық пошта» өрісін мұқият толтырыңыз. Қате енгізілген жағдайда сертификаттардың жай-күйі туралы хабарламалар мен өтінім нөмірі электрондық поштаңызға келмейді.

Рұқсатты құптағаннан кейін кілттерді сақтау орнын таңдау терезесі ашылады.

Назар аударыңыз! Осы шаблон түрі үшін тек қорғалған кілттік ақпарат тасымалдағышы қолданылады. ЭЦҚ кілтіне жеке құпиясөз орнатылмайды – кілтке қол жеткізу қорғалған тасымалдағыштың құпиясөзі арқылы жүзеге асырылады.

«Қойма түрі» өрісінде қосылған қорғалған кілттік ақпарат тасымалдағышы автоматты түрде таңдалады.

«Сақтау орны» өрісінде ЭЦҚ кілті сақталатын қалтаны көрсетіп, «Ашу» батырмасын басыңыз.

Қорғалған кілттік ақпарат тасымалдағышының құпиясөзін енгізіңіз.

«Құптау» батырмасын басыңыз.

Өтінімнің күйі және оның бірегей нөмірі көрсетілген терезе ашылады.

Осы терезеде PDF немесе DOCX форматындағы өтінімді жүктеп алуға болады.

Назар аударыңыз! Өтінім нөмірін сақтап қойыңыз. Ол Орталықта өтінімді сәйкестендіру үшін және шығарылған сертификаттарын орнату кезінде қажет болады.

Маңызды! ҚР ҰКО ақпараттық хаттың жеткізілуіне жауапты емес. Хат келмеген жағдайда спам бумасын тексеріңіз, электрондық пошта мекенжайының дұрыстығына көз жеткізіңіз немесе пошта серверіңіздің сенімділігін тексеріңіз.

Назар аударыңыз! Өтінім берілгеннен кейін заңды тұлғаның бірінші басшысына өтінімді заңды тұлға басшысының жеке кабинетінде құптау қажет.