ҚР ҰКО сайтының басты бетінде «Жеке кабинет» бөліміне өтіңіз.

Жеке кабинетке кіріңіз.

Пайдалану келісімімен танысып шығыңыз. Егер келіссеңіз, «ЭЦҚ кілтін таңдау» түймесін басыңыз.

Келісімді растағаннан кейін кілттер қоймасын таңдау терезесі ашылады.
«Қойма түрі» өрісінде ЭЦҚ кілті сақталған қойманы таңдаңыз.
«Сақтау орны» өрісінде ЭЦҚ кілті орналасқан буманы көрсетіп, «Ашу» түймесін басыңыз.
ЭЦҚ кілтін жасау кезінде орнатылған құпиясөзді енгізіңіз.

Құпиясөз дұрыс енгізілген жағдайда ЭЦҚ кілті көрсетіледі. Қажетті кілтті таңдап, «Қол қою» түймесін басыңыз.


Қызметкердің жеке кабинетіне кіру сәтті орындалды.