Өтінім мәртебесін тексеру және сертификаттарды орнату

Өтінім расталғаннан кейін, өтініміңіздің мәртебесін тексеру функционалын пайдаланыңыз.
Ол үшін « Өтінім статусынт тексеру » бөліміне өтіңіз.

Ашылған терезедегі «Өтінім нөмірі» жолына Online өтінім беру кезінде алынған бірегей өтінім нөмірін енгізіп, «Іздеу» батырмасын басыңыз.

Өтініміңіз туралы ақпарат көрсетіледі.

Өтінім мәртебесі «Өтінім бойынша сертификаттар шығарылды» болып өзгерген кезде «Сертификаттарды жүктеу» батырмасы пайда болады. Оны басыңыз.

Сертификаттарды орнатуға арналған NCALayer бағдарламасының терезесі ашылады.

Жүйе бұрын таңдалған сақтау түрі мен орнын автоматты түрде қояды. Бумаға апаратын жолдың дұрыстығын тексеріңіз. Егер буманың атауын немесе сақтау орнын өзгерткен болсаңыз, бұрын сақталған кілті бар буманың жаңа жолын көрсетіңіз.

Сізге ЭЦҚ кілтіне қол жеткізу үшін құпиясөз орнату ұсынылады. «Құпиясөз» және «Құпиясөзді құптау » жолдарына құпиясөзді ойлап тауып енгізіңіз.

Құпиясөзге қойылатын талаптар: кемінде 6 таңба, кем дегенде бір бас әріп (A-Z), бір кіші әріп (a-z) және бір сан (0-9) болуы қажет. Сонымен қатар «#$^+=!*()@%&_?-.» арнайы таңбаларын пайдалануға болады.

Назар аударыңыз! Бұл құпиясөзді есте сақтаңыз! Ол ҚР ҰКО жүйесінде сақталмайды және қалпына келтірілмейді. Құпиясөз жоғалған жағдайда ЭЦҚ кілтіне қол жеткізу мүмкін болмайды, сертификатты кері қайтарып, қайта шығару қажет болады.

«Құптау» батырмасын басыңыз.

Сәтті орнатудан кейін «Сертификаттар сәтті орнатылды» хабарламасы көрсетіледі.

Өтінім беру кезінде көрсеткен буманы ашыңыз. Онда ЭЦҚ кілті бар бір файлды (ГОСТ стандарты бойынша) көресіз. Бұл – пайдалануға дайын электрондық цифрлық қолтаңба кілтіңіз.

ЭЦҚ кілтін алу сәтті аяқталды.

Сертификаттарды алу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, 1414 телефоны немесе support@goscorp.kz электрондық поштасы арқылы техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.