Браузерді іске қосып, мекенжай жолағына: pki.gov.kz деп енгізіңіз. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) басты беті ашылады.

«ЭЦҚ кілттерін алу» мәзірін басыңыз. Қажетті бөлімді таңдаңыз: «SSL сертификаты». «Заңды тұлға» немесе «Заңды тұлға — SSL 4096 бит» бөлімін таңдаңыз.
Экрандағы ақпаратпен танысып, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.

Келісіммен танысып, келіскен жағдайда «Енгізу» батырмасын басыңыз.

Ашылған терезеде БСН мен суретте көрсетілген кодты енгізіп, «БСН тексеру» батырмасын басыңыз.

Енгізілген БСН бойынша Заңды тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (ЗТ МДҚ) базасымен сәтті тексерілгеннен кейін «Ұйым атауы» өрісінде ұйымның тіркелген атауы көрсетіледі.
Одан кейін ЖСН енгізіп, «ЖСН тексеру» батырмасын басыңыз.

Енгізілген ЖСН Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (ЖТ МДҚ) базасымен сәтті тексерілгеннен кейін деректеріңіз автоматты түрде толтырылады.

Заңды тұлғаның тіркелу аймағын көрсетіңіз.

«Электрондық пошта» өрісіне e-mail мекенжайыңызды енгізіңіз (міндетті емес). Осы мекенжайға сертификаттардың жай-күйі және өтінім нөмірі туралы ақпарат жіберіледі.
Назар аударыңыз! Егер деректеріңіз ЖТ МДҚ базасында болмаса, қалаңыздағы Әділет департаментінің құжаттандыру бөліміне жүгініңіз!
Назар аударыңыз! «Электрондық пошта» өрісін мұқият толтырыңыз. Қате енгізілген жағдайда сертификаттардың жай-күйі туралы хабарламалар мен өтінім нөмірі электрондық поштаңызға келмейді.
«Домендік атау» өрісіне SSL сертификаты шығарылатын негізгі домендік атауды енгізіңіз.
«Баламалы домендік атаулар» өрісі қажет болған жағдайда толтырылады.
Назар аударыңыз! Барлық ішкі домендерді (мысалы: help.example.kz, desk.example.kz) қосу үшін «Баламалы домендік атаулар» өрісінде *.example.kz көрсетуге болады. Бұл жазба автоматты түрде үшінші деңгейдегі барлық ішкі домендерді қамтиды.

Рұқсатты құптағаннан кейін кілттерді сақтау орнын таңдау терезесі ашылады.

«Қойма түрі» өрісінде қолжетімді нұсқаны таңдаңыз.
«Сақтау орны» өрісінде ЭЦҚ кілті сақталатын қалтаны көрсетіп, «Ашу» батырмасын басыңыз.
Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілтінің бұзылу қаупін азайту үшін қорғалған кілттік ақпарат тасымалдағышын пайдалану ұсынылады. Егер қорғалған тасымалдағыш қолдансаңыз, оны компьютерге қосыңыз — жүйе оны автоматты түрде анықтайды.
Келесі қадамда «Құптау» батырмасын басыңыз.
Өтінімнің күйі және оның бірегей нөмірі көрсетілген терезе ашылады.

Назар аударыңыз! Өтінім нөмірін сақтап қойыңыз. Ол Тіркеу орталығында өтінімді сәйкестендіру үшін және шығарылған сертификаттарды орнату кезінде қажет болады.
Маңызды! ҚР ҰКО ақпараттық хаттың жеткізілуіне жауапты емес. Хат келмеген жағдайда спам бумасын тексеріңіз, электрондық пошта мекенжайының дұрыстығына көз жеткізіңіз немесе пошта серверіңіздің сенімділігін тексеріңіз.
Назар аударыңыз! Өтінім берілгеннен кейін заңды тұлғаның бірінші басшысына өтінімді заңды тұлға басшысының жеке кабинетінде құптау қажет.