Осы бөлімде Тіркеу орталығында өтінімді растаусыз (ЭЦҚ қолданыстағы кілттері болған жағдайда) онлайн режимінде өтінімді беруге болады.
Маңызды! Осы өтінімді активтендіру үшін бірінші басшының растауы қажет.
Негізгі алаңдар ендігі қолданыстағы тіркеу куәлігіне сәйкес автоматты түрде толтырылатын болады. e-mail (қажетінше), елді мекенді, кілттерді сақтау орны мен сақтау орнына жолды көрсетіңіз.
Сонан соң «Өтінім беру» батырмасына басыңыз.
Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілттеріне кір келтіру тәуекелін төмендету үшін қорғалған негізгі ақпаратты жеткізгішті пайдалануды ұсынамыз.
Берілетін өтінімнің дұрыстығын растау белгісін қойыңыз және «Енгізу» батырмасына басыңыз.
Парольді енгізіп, «Қол қою» батырмасына басыңыз.
Өтінімнің нөмірін есте сақтаңыз. Бірінші басшы өтінімді растағаннан кейін «Өтінімнің статусын тексеру» бөліміне сәйкес тіркеу куәліктерін орнатыңыз.
