ЭЦҚ кілтіне парольді ауыстыру

Парольді ЭЦҚ кілттеріне ауыстыру үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» мәзірінің тармағына, одан кейін «Парольді ЭЦҚ кілтіне ауыстыру» бөліміне өту қажет. Ашылған терезеде «Кілттерді сақтау орны» алаңындағы Сіздің ЭЦҚ кілттерінің орналасқан орнын көрсетіңіз.

Маңызды! «Кілттерді сақтау орны» алаңындағы қорғалған жеткізгішті көрсеткен кезде пароль тікелей қорғалған жеткізгішке орнатылады. «Кілттерді сақтау орны» алаңындағы дербес компьютерді көрсеткен кезде пароль ЭЦҚ кілттеріне тікелей орнатылады.

«Кілттерді сақтау орнына жолды» көрсетіңіз. Парольді енгізу жолын толтырыңыз және «Өзгерту» батырмасына басыңыз. Сақтау орнын — Дербес компьютерді таңдаған жағдайда, парольді ауыстыру үшін ЭЦҚ кілтін көрсетіңіз. Парольді ауыстыру процедурасын ЭЦҚ әрбір кілті үшін бөлек орындау қажет.

Назар аударыңыз! Егер сіз парольді өзгертсеңіз, бірақ мерзімі өткен соң ұмытсаңыз, сізд ЭЦҚ кілттерін алу процедурасын өту қажет. Себебі ҚР ҰКО сіздің пароліңізді сақтамайды.

Пароль сәтті өзгертілді.