NCALayer бағдарламасын орнату кезінде қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда, техникалық қолдау қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз:
- Телефон: 1414
- Электрондық пошта: support@goscorp.kz
Антивирустық бағдарламалар
Кейбір жағдайларда орнатылған антивирустық бағдарламалар қорғалған қосылымдарды тексеру мақсатында веб-ресурстардың SSL сертификаттарын алмастыруы мүмкін. Егер негізгі сертификаттар дұрыс орнатылмаса немесе бапталмаса, NCALayer бағдарламасына қосылу кезінде мәселелер туындауы ықтимал.
Төменде Kaspersky антивирусында мұндай тексеруді өшірудің мысалы келтірілген.
Ескерту: Kaspersky өнімінің түрі мен нұсқасына байланысты қадамдар аздап ерекшеленуі мүмкін.
- Антивирус бағдарламасының «Баптаулар» (Параметрлер) бөліміне өтіңіз.
- Сол жақ панельден «Қосымша» бөлімін таңдап, «Желі» тармағын ашыңыз.
- «Қорғалған қосылымдарды тексеру» бөлімінде «Қорғалған қосылымдарды тексермеу» параметрін таңдаңыз.
Бағдарламаны іске қосу кезіндегі қате
NCALayer жаңартылғаннан кейін бағдарламаны іске қосу кезінде ұзын қате мәтіні бар терезе шығуы мүмкін (кейбір жағдайларда хабарлама экранға толық сыймайды). Бұл сәтте бағдарлама іске қосылмайды.

Мәселені шешу үшін NCALayer бағдарламасының басты бумада ncalayer-cache бумасын жойыңыз. Басты буманың орналасқан жері операциялық жүйеңізге байланысты:
- Windows: C:\Users\%USERNAME%\AppData\Roaming\NCALayer
- macOS: ~/Library/Application Support/NCALayer
- Linux: ~/.config/NCALayer
Қалтаны жойғаннан кейін қате терезесін жабыңыз да, NCALayer бағдарламасын қайта іске қосыңыз.