NCALayer бағдарламасын графикалық режимде орнату

Қажетті компоненттер

Linux жүйесінде NCALayer дұрыс жұмыс істеуі үшін келесі пакеттер қажет:

1. xxd утилитасы

Бұл утилита орнату скриптінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Ол жоқ болса, NCALayer орнатылмайды.

Debian-based (Ubuntu, Debian, Linux Mint):

sudo apt install vim-common -y

RHEL-based (Fedora, CentOS, RHEL, AlmaLinux):

sudo dnf install vim-enhanced -y

# немесе

sudo yum install vim-enhanced -y

2. certutil және nss-tools пакеті

Бұл пакет браузерлерге негізгі сертификаттарды автоматты орнату үшін қажет.

Debian-based:

sudo apt install libnss3-tools -y

RHEL-based:

sudo dnf install nss-tools -y

# немесе

sudo yum install nss-tools -y

Маңызды! Егер xxd утилитасы бар пакет орнатылмаған болса, ./ncalayer.sh іске қосылған кезде xxd: command not found қатесі пайда болады. Жоғарыда көрсетілген пакеттерді орнату бұл мәселені шешеді.

Орнату кезінде бағдарлама файлдарын сақтау орнын таңдаңыз.

NCALayer бағдарламасының орнату процесі басталады.

Негізгі сертификаттар браузерге автоматты түрде орнатылады.

Орнату сәтті аяқталған кезде ақпараттық терезе көрсетіледі.