Модульді орнату немесе жаңарту үшін алдымен NCALayer бағдарламасын іске қосыңыз. Хабарландырулар аймағындағы бағдарлама белгішесін тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіңіз.
«Модульдерді басқару» бөлімін таңдаңыз.

Ашылған терезеде тізімнен қажетті модульді таңдап, «Орнату» түймесін басыңыз.

Орнатуды аяқтау үшін жүйе NCALayer бағдарламасын қайта іске қосуды ұсынады. «OK» түймесін басыңыз.

Модульді орнату (немесе жаңарту) аяқталды.