Прокси-сервер — интернетке қосылу жүзеге асырылатын аралық сервер. Ол ұйымдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қолжетімділікті басқару немесе интернет-трафикті есепке алу мақсатында қолданылуы мүмкін.
Егер компьютерде прокси-сервер пайдаланылса, NCALayer бағдарламасының дұрыс жұмыс істеуі үшін қосылу параметрлерін көрсету қажет.
Назар аударыңыз! Прокси-сервер параметрлерін ұйымыңыздың жүйелік әкімшісі немесе техникалық қолдау қызметі ұсынады. Параметрлер қате енгізілсе, NCALayer арқылы интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелуі немесе мүлдем болмауы мүмкін. Баптауларды өзгерткеннен кейін NCALayer бағдарламасын қайта іске қосу ұсынылады.