Егер алдыңғы қадамда сертификаттар тек жүктелген болса, оларды қолмен орнату қажет.
Firefox мәзірі арқылы «Баптаулар» бөліміне кіріңіз.
«Құпиялылық және қорғау» бөлімін ашыңыз.
Сертификаттар бөлімінде «Сертификаттарды қарау…» батырмасын басыңыз.
«Сертификаттарды басқару» терезесі ашылады.
«Сертификаттау орталықтары» қойындысында «Импорттау…» батырмасын басып, бұрын жүктелген КУЦ (RSA) – НЕГІЗГІ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ (RSA) файлын таңдаңыз.
Шыққан терезеде «Веб-сайттарды сәйкестендіру кезінде сенім арту» белгісін қойып, «ОК» басыңыз.

Сол сияқты НУЦ (RSA) – ҰЛТТЫҚ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ (RSA) сертификатын да импорттаңыз, бірақ бұл жолы ештеңе белгілемей «ОК» басыңыз.
