Тілді өзгерту

Интерфейс тілін өзгерту үшін хабарландырулар аймағындағы NCALayer белгішесін тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіңіз. «Баптаулар» бөлімін таңдаңыз.

Ашылмалы тізімнен «Тіл» бөлімін таңдаңыз.

Ашылған ішкі мәзірден қажетті тілді таңдаңыз: Қазақша немесе Русский.

Тілді таңдағаннан кейін ақпараттық терезе ашылады.

Өзгерісті растау үшін «OK» түймесін басыңыз. Таңдалған тілдің қолданылуы үшін NCALayer бағдарламасын жауып, қайта іске қосыңыз.