Прокси-серверді баптау (орнату/жаңарту)

Прокси-сервер қолданылатын желіде NCALayer бағдарламасының дұрыс жұмыс істеуі үшін прокси-серверді баптау немесе оның қосылу параметрлерін жаңарту қажет.

Хабарландырулар аймағындағы NCALayer белгішесін тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіп, «Баптаулар» бөлімін таңдаңыз.

Ашылған терезеде прокси-сервер баптаулары бөліміне өтіңіз.

Сондай-ақ NCALayer баптауларында интерфейс тілін өзгертуге болады.

«Қолмен баптау» жолағына белгі қойыңыз. Қолмен баптау интернетке автоматты түрде қосылу мүмкін болмаған немесе дұрыс жұмыс істемеген жағдайда қажет болады. Хост атауы мен порт нөмірін жүйелік әкімшіңізден алуға болады.

«Хост» өрісіне прокси-сервердің мекенжайын енгізіңіз. Бұл IP-мекенжай (мысалы, 192.168.17.1) немесе хост атауы (мысалы, proxy.сіздің-ұйым.kz) болуы мүмкін.

«Порт» өрісіне прокси-сервердің порт нөмірін енгізіңіз.

Прокси үшін ерекшеліктер (қажет болған жағдайда)

«Келесі мекенжайлар үшін проксиді пайдаланбау» өрісіне прокси қолданылмайтын мекенжайларды енгізіңіз.

Мәндер | бөлгіші арқылы енгізіледі (мысалы: localhost|192.168.17.25).

Авторизацияны баптау

Авторизация пайдаланушының қол жеткізу құқықтарын растау және желінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Егер прокси-сервер логин мен құпиясөзді талап етсе, «Прокси-сервер авторизацияны талап етеді» жолағына белгі қойыңыз.

Логин: ұйымның желілік доменіндегі логиніңізді енгізіңіз.

Құпиясөз: ұйым желісіндегі құпиясөзіңізді енгізіңіз.

Маңызды! Бұл құпиясөз NCALayer үшін емес, прокси-сервердегі қол жеткізу құқықтарыңызды тексеру үшін пайдаланылады.

«Сақтау» түймесін басыңыз.

Параметрлер дұрыс енгізілген жағдайда, интернетке прокси-сервер арқылы қосылу сәтті орнатылады.