NCALayer бағдарламасы іске қосылған кезде қызметтік файлдарды сақтау үшін өзінің бумасын жасайды.
| bundles: | модульдерді орнатуға және жаңартуға арналған бума |
| ncalayer-cache: | орнатылған модульдер сақаталатын бума |
| VisualElements: | белгішелер сақталатын бума |
| icon.png: | бағдарлама белгішесінің файлы |
| ncalayer.der: | NCALayer және оның модульдері туралы ақпарат сақталатын файл (әр іске қосылған сайын интернеттен жүктеледі) |
| NCALayer.exe: | бағдарламаны іске қосу файлы |
| ncalayer.log: | оқиғалар журналының файлы |
| ncalayer.VisualElementsManifest.xml: | белгішелерге арналған қызметтік файл |
| settings.json: | бағдарлама баптаулары сақталатын файл |
| unins000.dat, unins000.exe: | бағдарламаны жоюға арналған файлдар |
Әрбір операциялық жүйеде бұл бума белгілі бір орында орналасады. Бума жасырын жүйелік каталогта құрылатындықтан, оған өту тәсілі пайдаланылатын операциялық жүйеге байланысты болады.
Файлдар зерттеушісін ашыңыз. Мекенжай жолына келесі жолды енгізіңіз:
C:\Users\%USERNAME%\AppData\Roaming\NCALayer
# әріптердің регистрі маңызды емес.
Содан кейін Enter пернесін басыңыз.
