NCALayer бағдарламасы іске қосылған кезде қызметтік файлдарды сақтау үшін өзінің бумасын жасайды.
| bundles: | модульдерді орнатуға және жаңартуға арналған бума |
| ncalayer-cache: | орнатылған модульдер сақаталатын бума |
| ncalayer.der: | NCALayer және оның модульдері туралы ақпарат сақталатын файл (әр іске қосылған сайын интернеттен жүктеледі) |
| ncalayer.log: | оқиғалар журналының файлы |
| settings.json: | бағдарлама баптаулары сақталатын файл |
Әрбір операциялық жүйеде бұл бума белгілі бір орында орналасады. Бума жасырын жүйелік каталогта құрылатындықтан, оған өту тәсілі пайдаланылатын операциялық жүйеге байланысты болады.
Finder мәзірінен «Қалтаға өту…» (Go to Folder…) пәрменін таңдаңыз.

Ашылған диалогтық терезеге келесі жолдардың бірін енгізіңіз:
~/Библиотека/Application Support/NCALayer
немесе
~/Library/Application Support/NCALayer

Ашылған қалтада NCALayer бағдарламасының қызметтік файлдарын көре аласыз.
