Сертификаттарды сілтемелер арқылы орнату

НУЦ РК сайтында «Негізгі сертификаттар» бөлімінде «КУЦ (RSA)» сілтемесін басыңыз.

Егер «Сертификатты жүктеу – НЕГІЗГІ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ (RSA)» терезесі шықса, «Веб-сайттарды сәйкестендіру кезінде сенім арту» белгісін қойып, «ОК» басыңыз. Егер шықпаса – файлды жүктеп сақтаңыз.

Сол бөлімде «НУЦ (RSA)» сілтемесін басыңыз.

Егер «Сертификатты жүктеу – ҰЛТТЫҚ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ (RSA)» терезесі шықса, ештеңе өзгертпей «ОК» басыңыз. Егер шықпаса – файлды жүктеп сақтаңыз.