Linux

NCALayer бағдарламасын орнату – Linux

Браузерді іске қосып, мекенжай жолағына pki.gov.kz енгізіңіз. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) басты беті ашылады.

Басты беттен «NCALayer» бөлімін таңдаңыз.

Linux операциялық жүйесіне арналған орнату файлын таңдап, жүктеп алыңыз.

Егер жүктеу автоматты түрде басталмаса, пайда болған хабарламадағы сілтемені басыңыз.

NCALayer графикалық және мәтіндік режимде орнатылады және іске қосылады. Орнату мен іске қосу бірдей құқықтармен орындалуы тиіс.

Жүктеу аяқталғаннан кейін ncalayer.zip архивін ашыңыз. Бумада келесі файлдар болады:

ncalayer.sh:  бағдарламаны іске қосу скрипті
ncalayer.png: бағдарлама белгішесі
jre8_ncalayer: Java орындау ортасы (JRE) бар бума