NCALayer іске қосылғаннан кейін қажетті негізгі сертификаттарды жүйелік қоймаға автоматты түрде орнатады. Алайда бағдарламаның дұрыс жұмыс істеуі үшін негізгі сертификаттарға сенім орнату қажет. Ол үшін «Связка ключей» (Keychain) қолданбасын іске қосыңыз. Қолданбаны Finder арқылы табуға болады.

«Программы» бөліміне кіріңіз.

Іздеу белгішесін тауып, оны басыңыз.

Іздеу жолағына Keychain немесе Связка ключей деп жазыңыз.

«Связка ключей» қолданбасын ашыңыз.

Қолданба терезесінің сол жақ тақтасынан «Вход» бөлімін, ал жоғарғы жақтағы «Категории» өрісінен «Сертификаты» бөлімін таңдаңыз.
Кейбір жағдайларда сертификатта қызыл крест белгісі көрсетілмеуі мүмкін. Сондықтан сертификатты екі рет басу арқылы ашып, оның күйін тексеріңіз!

«Ұлттық куәландырушы орталық (RSA) 2022» сертификатын екі рет басу арқылы ашыңыз. «Доверие» бөлімінің сол жағындағы үшбұрыш белгішесін басыңыз, сонда қосымша параметрлер тізімі ашылады. «Стандартный алгоритм X.509» тармағының оң жағындағы ашылмалы тізімді басып, «Всегда доверять» параметрін таңдаңыз.

Сертификат терезесін жабыңыз. Жүйе орындалған әрекеттерді растау үшін құпиясөз енгізуді сұрайды. Құпиясөзді енгізіп, «Обновить настройки» батырмасын басыңыз.

Одан кейін «Негізгі куәландырушы орталық (RSA)» сертификатын екі рет басу арқылы ашыңыз. «Доверие» бөлімінің сол жағындағы үшбұрыш белгішесін басыңыз, сонда қосымша параметрлер тізімі ашылады. «Стандартный алгоритм X.509» тармағының оң жағындағы ашылмалы тізімді басып, «Всегда доверять» параметрін таңдаңыз.

Сертификат терезесін жабыңыз, құпиясөзді енгізіп, «Обновить настройки» түймесін басыңыз.

NCALayer іске қосылмаған жағдайда, төменгі панельден (Dock) Finder жүйелік қолданбасын табыңыз.

Finder белгішесін трекпадпен екі саусақпен басыңыз (немесе тінтуірдің оң жақ батырмасын басыңыз) және «Переход к папке…» тармағын таңдаңыз.

Келесі жолды енгізіңіз: ~/Library/Application Support/ содан кейін Return (Enter) пернесін басыңыз.

Ашылған қалтадан NCALayer каталогын тауып, оны себетке жылжытыңыз.

NCALayer жұмысын тоқтатыңыз: экранның жоғарғы жағындағы мәзір жолағынан NCALayer белгішесін тауып, «Выход» тармағын таңдаңыз.

NCALayer қолданбасын қайта іске қосыңыз.
NCALayer қолданбасы жұмыс істеуге дайын!