ЭЦҚ кілттерімен операциялар орындау кезінде Google Chrome браузерінде NCALayer-ге қолжетімділік беру туралы рұқсат сұрауы шығуы мүмкін. Бұл жағдайда NCALayer-ге қолжетімділік беру үшін «Рұқсат ету» батырмасын басыңыз.

Егер «NCALayer іске қосылмаған» деген қате шықса, келесі әрекеттерді орындаңыз:

Қажетті сайтқа өтіңіз. «Сайт туралы ақпарат» бөлімін ашыңыз.

Сайт параметрлерін ашыңыз.

«Құпиялылық және қауіпсіздік» бөлімінен «Құрылғыдағы қосымшалар» тармағын тауып, «Рұқсат ету» опциясын таңдаңыз.

Бетті жаңартып, NCALayer бағдарламасымен жұмысты қайта іске қосыңыз.