NCALayer бағдарламасын мәтіндік режимде орнату

NCALayer бағдарламасы әкімші құқықтарынсыз командалық жолы арқылы орнатылады.

NCALayer орнатқышы орналасқан қалтада бос жерді тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіп, «Терминалда ашу / Open in Terminal» пәрменін таңдаңыз.

Ашылған командалық жолы терезесінде NCALayer бағдарламасын орнату үшін келесі команданы орындаңыз:

./ncalayer.sh —nogui

NCALayer бағдарламасы орнатылатын жолды (каталогты) көрсетіңіз.

Егер nss-tools утилитасы орнатылмаған болса, орнату барысында оны орнату ұсынылады. «Y» әрпін енгізіп, Enter басыңыз. Одан кейін аутентификация үшін құпиясөзді енгізіңіз.

Қажет болса, nss-tools утилитасын орнатудан бас тартып, негізгі сертификаттарды браузер арқылы орнатуға болады. Бұл жағдайда NCALayer бағдарламасы сертификаттар браузерге орнатылғанға дейін жұмысын уақытша тоқтатады.