Браузерді іске қосып, мекенжай жолағына pki.gov.kz енгізіңіз. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) басты беті ашылады.
Басты беттен «NCALayer» бөлімін таңдаңыз.

Жүйеңіздің параметрлеріне сәйкес Windows операциялық жүйесіне арналған орнату файлын (32 немесе 64 биттік нұсқасын) таңдап, жүктеп алыңыз.

Егер жүктеу автоматты түрде басталмаса, пайда болған хабарламадағы сілтемені басыңыз.
Жүктеу аяқталғаннан кейін NCALayerInstall.exe орнату файлын іске қосыңыз.
Ақпаратпен танысып, «Далее» түймесін басыңыз.

NCALayer іске қосылған кезде бағдарлама компьютерде ҚР Негізгі куәландырушы орталығының (ҚР НКО) және ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) қажетті сертификаттарының орнатылғанын автоматты түрде тексереді. NCALayer бағдарламасымен жұмыс істеу үшін бұл сертификаттар міндетті түрде орнатылған болуы тиіс.
Егер көрсетілген сертификаттар компьютерде орнатылмаған болса, оларды орнату ұсынылатын хабарлама көрсетіледі.
ҚР Негізгі куәландырушы орталығының (ҚР НКО) сертификатын орнату үшін қауіпсіздік жүйесінің сұрауы пайда болған кезде «Иә» түймесін басыңыз.

ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) сертификатын орнату үшін қауіпсіздік жүйесінің сұрауы пайда болған кезде «Иә» түймесін басыңыз.

Орнату аяқталғаннан кейін NCALayer бағдарламасы автоматты түрде іске қосылады.
