Бұл бөлімде тіркеу орталығында өтінімді растаусыз онлайн режимінде (қолданыстағы ЭЦҚ кілттері болған жағдайда) өтінім беруге болады.
Негізгі жолдар қолданыстағы тіркеу куәлігіне сәйкес автоматты түрде толтырылады.
Е-mail, елді мекенді, кілттерді сақтау орны мен Кілттерді сақтау орнына жолды көрсетіңіз.
Және де «Өтінім беру» батырмасына басыңыз.
Жіберілетін өтінімнің дұрыстығын растаудың қанат белгісін қойыңыз және «Растау» батырмасына басыңыз.
Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілттерінің жария етілу тәуекелін төмендету үшін қорғалған кілтті ақпаратты жеткізгішті пайдалануды ұсынамыз.
Парольді енгізіп, «Қол қою» батырмасына басыңыз.
Өтінімнің нөмірін есте сақтаңыз.
Осы нөмір бойынша «Өтінімнің мәртебесін тексеру» бөлімі арқылы тіркеу куәліктерін орнатыңыз.
ЭЦҚ кілттерін қайта шығару сәтті аяқталды.