Өтінім мәртебесін тексеру

Өтінім расталғаннан кейін «Менің ЭЦҚ кілттерім» мәзірін ашып, «Өтінім мәртебесін тексеру» бөліміне өтіңіз.

Өтінім нөмірін енгізіп, «Іздеу» түймесін басыңыз.

Өтінім мәртебесі «Өтінім бойынша сертификаттар шығарылды» болып өзгерген кезде «Сертификаттарды жүктеу» түймесі пайда болады. Осы түймені басыңыз.

Сертификаттарды орнатуға арналған NCALayer бағдарламасының терезесі ашылады.

Назар аударыңыз! Егер кілт қорғалған тасымалдағышта жасалған болса, сертификаттарды орнатпас бұрын құрылғыны компьютерге қосыңыз.

Бумаға дейінгі жолдың дұрыстығын тексеріңіз. Егер буманың атауын өзгерткен немесе сақтау орнын ауыстырған болсаңыз, бұрын сақталған кілт орналасқан жаңа буманы көрсетіңіз.

ЭЦҚ кілтіне қол жеткізу үшін құпиясөз орнату ұсынылады. «Құпиясөз» және «Құпиясөзді растау» өрістеріне өзіңіз ойлап тапқан құпиясөзді енгізіңіз.

Құпиясөзге қойылатын талаптар:

  • кемінде 6 таңбадан тұруы тиіс;
  • кемінде бір бас әріп (A–Z) болуы қажет;
  • кемінде бір кіші әріп (a–z) болуы қажет;
  • кемінде бір сан (0–9) болуы қажет;
  • сондай-ақ #$^+=!*()@%&_?-. арнайы таңбаларын пайдалануға болады.

Назар аударыңыз! Бұл құпиясөзді міндетті түрде есте сақтаңыз! Ол ҚР ҰКО жүйесінде сақталмайды және қалпына келтірілмейді. Құпиясөз жоғалған жағдайда ЭЦҚ кілтіне қол жеткізу мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда сертификаттың күшін жойып, оны қайтадан шығару қажет болады.

«Растау» түймесін басыңыз.

Орнату сәтті аяқталғаннан кейін «Сертификаттар сәтті орнатылды» деген хабарлама көрсетіледі.

Өтінім беру кезінде көрсетілген буманы ашыңыз. Онда ГОСТ стандарты бойынша жасалған бір ЭЦҚ кілті файлы болады. Бұл — пайдалануға дайын электрондық цифрлық қолтаңба кілті.

ЭЦҚ кілтін алу сәтті аяқталды.