«Ақпараттық жүйе (жеке тұлға)» үлгісі бойынша ЭЦҚ кілттерін алу үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» мәзіріне өтіп, «Ақпараттық жүйе (жеке тұлға)» үлгісі бойынша ЭЦҚ шығару бөлімін таңдаңыз.


Тізімнен «Ақпараттық жүйені» таңдаңыз.

Назар аударыңыз! Егер «Ақпараттық жүйенің атауы» өрісі бос болса, бұл сіздің ЖСН-іңізге ешбір ақпараттық жүйе тіркелмегенін білдіреді. Ақпараттық жүйеңізді тіркеу үшін 2016 жылғы 17 наурыздағы №281 Объектілік идентификаторлардың қазақстандық сегментінде объектілік идентификаторларды тіркеу, қайта тіркеу және күшін жою қағидаларына сәйкес объектілік идентификаторды (OID) алуыңыз қажет (adilet.zan.kz). OID берілгеннен кейін рәсімді қайта орындаңыз, сонда сіздің ақпараттық жүйеңіз үшін сертификаттарды алуға мүмкіндік беріледі.
Бір реттік кодты алу тәсілін таңдаңыз.

Код арқылы растағаннан кейін кілттер қоймасын таңдау терезесі ашылады.
«Қойма түрі» өрісінде ЭЦҚ кілті сақталатын қойманы таңдаңыз.
«Сақтау орны» өрісінде ЭЦҚ кілті сақталатын буманы көрсетіп, «Ашу» түймесін басыңыз.

Берілетін өтінімдегі мәліметтердің дұрыстығын растайтын белгі қойып, «Растау» түймесін басыңыз.

Өтінімге ЭЦҚ кілтімен қол қою арқылы оны растаңыз.

Құпиясөзді орнатып, сертификаттарды жүктеңіз. Осылайша ақпараттық жүйе үшін ЭЦҚ кілттерін алу рәсімі аяқталады.


Сертификаттар орнатылғаннан кейін «Сертификаттар сәтті орнатылды» деген өтінім мәртебесі көрсетілген терезе ашылады.

Сертификаттарды алу сәтті аяқталды.