Өтінімнің статусын тексеру және сертификаттарды орнату

Өтінім расталғаннан кейін өтінім мәртебесін тексеру қызметін пайдаланыңыз.

Ол үшін мекенжай жолағына теріңіз: pki.gov.kz және «Өтінім статусын тексеру» бөліміне өтіңіз.

Ашылған терезеде « Өтінім нөмірі » өрісіне онлайн өтінім беру кезінде алынған бірегей өтінім нөмірін енгізіп, «Іздеу» батырмасын басыңыз.

Сіздің өтініміңіз туралы ақпарат көрсетіледі.

Өтінім мәртебесі «Өтінім бойынша сертификаттар шығарылды» болып өзгерген кезде «Сертификаттарды жүктеу» батырмасы пайда болады. Оны басыңыз.

Сертификаттарды орнатуға арналған NCALayer бағдарламасының терезесі ашылады.

Жүйе бұрын таңдалған сақтау орнының түрі мен орнын автоматты түрде көрсетеді. Бумаға дейінгі жолдың дұрыстығын тексеріңіз. Егер буманың атауын өзгерткен болсаңыз немесе сақтау орнын ауыстырсаңыз, бұрын сақталған кілт орналасқан жаңа жолды көрсетіңіз.

Сізге ЭЦҚ кілтіне қол жеткізу үшін құпиясөз орнату ұсынылады. Құпиясөзді ойлап тауып, оны «Құпиясөз» және «Құпиясөзді растау» өрістеріне енгізіңіз.

Құпиясөзге қойылатын талаптар: кемінде 6 таңбадан тұруы, міндетті түрде кемінде бір бас әріп (A-Z), бір кіші әріп (a-z) және бір сан (0-9) қамтуы тиіс. Сондай-ақ «#$^+=!*()@%&_?-.» арнайы таңбаларын пайдалануға болады.

Назар аударыңыз! Бұл құпиясөзді есте сақтаңыз! Ол ҚР ҰКО жүйесінде сақталмайды және қалпына келтірілмейді. Құпиясөз жоғалған жағдайда ЭЦҚ кілтіне қол жеткізу мүмкін болмайды, ал сертификатты кері қайтарып, қайта шығару қажет болады.

« Құптау » батырмасын басыңыз.

Сертификаттар сәтті орнатылғаннан кейін «Сертификаттар сәтті орнатылды» хабарламасы көрсетіледі.

Өтінім беру кезінде көрсеткен буманы ашыңыз. Онда ГОСТ стандарты бойынша ЭЦҚ кілті сақталған бір файлды көресіз. Бұл – пайдалануға дайын электрондық цифрлық қолтаңба кілті.

ЭЦҚ кілтін алу рәсімі сәтті аяқталды.

Сертификаттарды алу барысында қиындықтар туындаған жағдайда, 1414 нөмірі бойынша техникалық қолдау қызметіне немесе support@goscorp.kz электрондық поштасына хабарласыңыз.