Браузерді іске қосып, мекенжай жолағына: pki.gov.kz енгізіңіз. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) басты беті ашылады.

«ЭЦҚ кілтін алу» мәзірін басыңыз. Қажетті бөлімді таңдаңыз: «SSL сертификаты». «Жеке тұлға» бөлімін таңдаңыз.
Экрандағы ақпаратпен танысып, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.

Келісіммен танысып, келіскен жағдайда «Енгізу» батырмасын басыңыз.

Суретте көрсетілген кодты және жеке сәйкестендіру нөміріңізді (бұдан әрі – ЖСН) енгізіңіз.

«ЖСН тексеру» батырмасын басыңыз. Жүйе деректеріңіздің ЖТ МДҚ базасында бар-жоғын тексереді. Тексеру аяқталғаннан кейін « Енгізу » батырмасын басыңыз. Міндетті бейне сәйкестендіруден өту үшін сіз Digital ID порталының бетіне бағытталасыз.

Ашылған Digital ID бетінде ЖСН мен ұялы телефон нөміріңізді енгізіп, кейін «Код алу» батырмасын басыңыз.

Сізге коды бар SMS-хабарлама келеді. Алынған кодты тиісті өріске енгізіңіз.

Браузер камераны пайдалануға рұқсат сұрайды. «Рұқсат ету» батырмасын басыңыз.
Егер компьютеріңізде камера болмаса немесе ол жұмыс істемесе, жүйе автоматты түрде QR-кодты көрсетеді. Оны смартфон камерасымен сканерлеңіз – телефонда бет ашылады, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

Бейне-тексеру процесі басталады. Экрандағы нұсқауларды орындай отырып, бетіңізді камераға жақындатуыңыз қажет.

Деректерді талдау аяқталғанша күтіңіз. Бұл бірнеше секундқа созылуы мүмкін.
Маңызды! Бейне-тексерудің 5 сәтсіз әрекетінен кейін қолжетімділік 15 минутқа бұғатталады. Кейінірек қайта әрекет ете аласыз немесе pki.gov.kz/poluchenie-con сайтында өтінім беріп, ХҚКО-ға барып сәйкестендіруден өтуіңізге болады.
Сәтті тексеруден кейін жүйе ҚР ҰКО-ға жеке куәлік деректеріне және Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген телефон нөміріне қол жеткізуге рұқсат сұрайды. «Рұқсат ету» батырмасын басыңыз.

Бейне-тексеру аяқталғаннан кейін сіз ҚР ҰКО сайтына қайта ораласыз. Жеке деректеріңіз автоматты түрде толтырылады.
«Электрондық пошта» өрісіне e-mail мекенжайыңызды енгізіңіз (міндетті емес). Осы мекенжайға сертификаттардың жай-күйі және өтінім нөмірі туралы ақпарат жіберіледі.
Назар аударыңыз! Егер деректеріңіз ЖТ МДҚ базасында болмаса, қалаңыздағы Әділет департаментінің құжаттандыру бөліміне жүгініңіз!
Назар аударыңыз! «Электрондық пошта» өрісін мұқият толтырыңыз. Қате енгізілген жағдайда сертификаттардың жай-күйі туралы хабарламалар мен өтінім нөмірі электрондық поштаңызға келмейді.
«Домендік атау» өрісіне SSL сертификаты шығарылатын негізгі домендік атауды енгізіңіз.
«Баламалы домендік атаулар» өрісі қажет болған жағдайда толтырылады.
Назар аударыңыз! Барлық ішкі домендерді (мысалы: help.example.kz, desk.example.kz) қосу үшін «Баламалы домендік атаулар» өрісінде *.example.kz көрсетуге болады. Бұл жазба автоматты түрде үшінші деңгейдегі барлық ішкі домендерді қамтиды.

Рұқсатты құптағаннан кейін кілттерді сақтау орнын таңдау терезесі ашылады.
«Қойма түрі» өрісінде қолжетімді нұсқаны таңдаңыз.
«Сақтау орны» өрісінде сертификаттар сақталатын қалтаны көрсетіп, «Ашу» батырмасын басыңыз.
Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілтінің бұзылу қаупін азайту үшін қорғалған кілттік ақпарат тасымалдағышын пайдалану ұсынылады. Егер қорғалған тасымалдағыш қолдансаңыз, оны компьютерге қосыңыз – жүйе оны автоматты түрде анықтайды.

Келесі қадамда «Құптау» батырмасын басыңыз.
Өтінімнің күйі және оның бірегей нөмірі көрсетілген терезе ашылады.

Маңызды! Өтінім нөмірін сақтап қойыңыз. Ол кейін өтінім мәртебесін тексеру үшін қажет болуы мүмкін.
Осы терезеде PDF немесе DOCX форматындағы өтінімді жүктеп алуға болады.
Өтінімнің өңделуін күтіңіз. Өтінім 1 жұмыс күні ішінде қаралады. Осы уақыт ішінде ҚР ҰКО келесілерді тексереді:
• домендік атаудың қызмет алушыға тиесілігін;
• домендік атаудың дұрыс толтырылуын;
• домендік атаудың .KZ және .ҚАЗ аймақтарында тіркелуін.
Сәтті тексерілген жағдайда өтінім құпталады. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда өтінім қабылданбайды.