ЭЦҚ сертификаттарын шығаруға өтінім беру – бейрезиденттер
Браузерді іске қосып, мекенжай жолағына: pki.gov.kz енгізіңіз. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) басты беті ашылады.

«ЭЦҚ кілтін алу» мәзірін басыңыз. Қажетті бөлімді таңдаңыз: «Бейрезиденттер». «Жеке тұлға» бөлімін таңдаңыз.
Экрандағы ақпаратпен танысыңыз. Өтінім беру тәсілін таңдау құжаттардың болуына байланысты:
• Тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі болған жағдайда – «Өтінімді қашықтан беру» батырмасын басыңыз.
• Бұл құжаттар болмаған жағдайда – «Өтінімді ХҚКО арқылы беру» батырмасын басыңыз.
