Келісіммен танысып, келіскен жағдайда «Енгізу» батырмасын басыңыз.

Суретте көрсетілген кодты және жеке сәйкестендіру нөміріңізді (бұдан әрі – ЖСН) енгізіңіз.

«ЖСН тексеру» батырмасын басыңыз. Жүйе деректеріңіздің ЖТ МДҚ базасында бар-жоғын тексереді. Тексеру аяқталғаннан кейін «Енгізу» батырмасын басыңыз. Міндетті бейне сәйкестендіруден өту үшін сіз Digital ID порталының бетіне бағытталасыз.

Ашылған Digital ID бетінде ЖСН мен ұялы телефон нөміріңізді енгізіп, содан кейін «Код алу» батырмасын басыңыз.

Сізге коды бар SMS-хабарлама келеді. Алынған кодты тиісті өріске енгізіңіз.

Браузер камераны пайдалануға рұқсат сұрайды. «Рұқсат ету» батырмасын басыңыз. Егер компьютеріңізде камера болмаса немесе ол жұмыс істемесе, жүйе автоматты түрде QR-кодты көрсетеді. Оны смартфон камерасымен сканерлеңіз – телефонда бет ашылады, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

Бейне-тексеру процесі басталады. Экрандағы нұсқауларды орындай отырып, бетіңізді камераға жақындатуыңыз қажет.

Деректерді талдау аяқталғанын күтіңіз. Бұл бірнеше секундқа созылуы мүмкін.
Маңызды! Бейне-тексерудің 5 сәтсіз әрекетінен кейін қолжетімділік 15 минутқа бұғатталады. Кейінірек қайта әрекет ете аласыз немесе pki.gov.kz/poluchenie-con сайтында өтінім беріп, ХҚКО барып, жеке басыңызды растауыңызға болады.
Сәтті тексеруден кейін жүйе ҚР ҰКО-ға жеке куәлік деректеріне және Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген телефон нөміріңізге қол жеткізуге рұқсат сұрайды. «Рұқсат ету» батырмасын басыңыз.

Бейне-тексеру аяқталғаннан кейін сіз ҚР ҰКО сайтына қайта ораласыз. Жеке деректеріңіз автоматты түрде толтырылады.
«Электрондық пошта» өрісіне өз e-mail мекенжайыңызды енгізіңіз (міндетті емес). Осы мекенжайға сертификаттардың жай-күйі және өтінім нөмірі туралы ақпарат жіберіледі.
Назар аударыңыз! Егер деректеріңіз Жеке тұлғалар мемлекеттік дерекқорында (ЖТ МДҚ) болмаса, қалаңыздағы Әділет департаментінің құжаттандыру бөліміне жүгініңіз.
Назар аударыңыз! «Электрондық пошта» өрісін мұқият толтырыңыз. Қате енгізілсе, хабарламалар мен өтінім нөмірі сіздің пошталық жәшігіңізге түспейді.

Рұқсатты растағаннан кейін кілттерді сақтау орнын таңдау терезесі ашылады.
«Қойма түрі» өрісінде қолжетімді нұсқаны таңдаңыз.
«Сақтау орны» өрісінде ЭЦҚ кілті сақталатын қалтаны көрсетіп, «Ашу» батырмасын басыңыз.
Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілтін қорғау үшін қорғалған тасымалдағышты пайдаланған дұрыс. Егер қорғалған тасымалдағыш қолдансаңыз, оны компьютерге қосыңыз – жүйе оны автоматты түрде анықтайды.
Келесі қадамда «Құптау» батырмасын басыңыз.

Өтінімнің күйі және оның бірегей нөмірі көрсетілген терезе ашылады.
Маңызды! Өтінім нөмірін сақтап қойыңыз – ол кейін күйін тексеру үшін қажет болуы мүмкін.

Осы терезеде өтінімнің PDF немесе DOCX форматындағы құжатын жүктеп алуға болады.
Өңделуін күтіңіз. Процесс бірнеше секундтан бір минутқа дейін созылады. Күйін білу үшін «Жаңарту» батырмасын басыңыз.
Өтінім күйі «Өтінім бойынша сертификаттар шығарылды» болып өзгерген кезде «Сертификаттарды жүктеу» батырмасы пайда болады. Оны басыңыз.
NCALayer бағдарламасының терезесі ашылады, сертификаттарды орнату процесі басталады.

Жүйе алдын ала таңдалған сақтау түрі мен орнын автоматты түрде көрсетеді. Қалтаның жолын тексеріңіз. Егер қалта атауын немесе орнын өзгерткен болсаңыз, жаңа жолды көрсетіңіз.
ЭЦҚ кілтіне құпиясөз орнату ұсынылады. Құпиясөзді ойлап тауып, «Құпиясөз» және «Құпиясөзді құптау» өрістеріне енгізіңіз.

Құпиясөзге қойылатын талаптар: кемінде 6 таңба, міндетті түрде кемінде бір бас әріп (A-Z), бір кіші әріп (a-z) және бір сан (0-9) болуы керек. Сондай-ақ «#$^+=!*()@%&_?-.» сияқты арнайы таңбаларды қолдануға болады.
Назар аударыңыз! Бұл құпиясөзді есте сақтаңыз! Ол ҚР ҰКО-да сақталмайды және қалпына келтірілмейді. Жоғалған жағдайда ЭЦҚ кілтіне қолжетімділік болмайды, сертификатты қайта шығару қажет болады.
«Құптау» батырмасын басыңыз.
Сәтті орнатылғаннан кейін «Сертификаттар сәтті орнатылды» деген хабарлама шығады.
Көрсетілген қалтаны ашыңыз. Онда ЭЦҚ кілт файлы (ГОСТ стандарты бойынша) пайда болады. Бұл – сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың дайын кілті.

ЭЦҚ кілтін алу сәтті аяқталды.

Қиындықтар туындаған жағдайда 1414 нөмірі арқылы немесе support@goscorp.kz электрондық поштасы арқылы техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.