ЭЦҚ кілтінің паролін ауыстыру

ЭЦҚ паролін ауыстыру үшін «Менің ЭЦҚ» мәзірінің тармағына, одан кейін «Парольді ауыстыру» бөліміне өту қажет. Ашылған терезеде «Кілттерді сақтау орны» жолындағы Сіздің тіркеу куәліктеріңіздің орналасқан орнын көрсетіңіз.

Маңызды! «Кілттерді сақтау орны» жолындағы қорғалған жеткізгішті көрсеткен кезде пароль нақты қорғалған жеткізгішке орнатылады. «Кілттерді сақтау орны» жолында Дербес компьютерді көрсеткен кезде пароль нақты тіркеу куәлігіне орнатылады.

«Кілттерді сақтау орнын» көрсетіңіз. Парольді енгізу жолын көрсетіңіз және «Өзгерту» батырмасын басыңыз. Сақтау орны ретінде Дербес компьютерді таңдаған жағдайда, парольді ауыстыру үшін тіркеу куәлігін көрсетіңіз. Парольді ауыстыру процедурасын әрбір тіркеу куәлігі үшін жеке орындау қажет.

Назар аударыңыз! ҚР ҰКО Сіздің парольдеріңізді сақтамайды. Пароль жоғалған жағдайда, ЭЦҚ қалпына келтірілмейді.

Пароль сәтті өзгертілді.