«Менің ЭЦҚ кілттерім» мәзірі

ЭЦҚ кілттерімен жұмыс істеу үшін «Менің эцқ кілттерім» қосымша беті бойынша өтіңіз.

Пайда болатын мәзірден мына тармақшалардың біреуін таңдаңыз:

• ЭЦҚ кілттерін қайта шығару — өтінімді онлайн режимінде (қолданыста ЭЦҚ кілттерінің болу шартымен) ЭЦҚ-ны Тіркеу орталығында растаусыз беруге мүмкіндік береді;
• ЭЦҚ кілттерін қайтарып алу — тіркеу куәліктерін қайтарып алуға мүмкіндік береді;
• ЭЦҚ кілттерін алуға арналған өтінімдер – берілген өтініштерді қарау мүмкіндігін береді;
• ЭЦҚ кілттерінің тізімі – қолданыстағы тіркеу куәліктерін көрсетеді;
• Өтінімнің мәртебесін тексеру — берілген өтінімнің мәртебесін тексеруге және тіркеу куәліктерін орнатуға мүмкіндік береді;
• ЭЦҚ кілтінің паролін ауыстыру — ЭЦҚ-ның паролін ауыстыруға мүмкіндік береді.