Браузерді іске қосып, мекенжай жолына: pki.gov.kz теріңіз. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) басты беті ашылады.

«ЭЦҚ кілтін алу» мәзірін басыңыз. Қажетті бөлімді таңдаңыз: «Бейрезиденттер». Одан кейін «Қол қою құқығы бар қызметкер» бөлімін таңдаңыз.
Экрандағы ақпаратпен танысыңыз. Өтінім беру тәсілін таңдау құжаттардың болуына байланысты:
• Тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі болған жағдайда – «ЭЦҚ кілтін қашықтан алу» батырмасын басыңыз.
• Бұл құжаттар болмаған жағдайда – «ХҚКО арқылы өтінім беру» батырмасын басыңыз.
