Мекеме қызметкері

Браузерді іске қосып, мекенжай жолағына: pki.gov.kz деп енгізіңіз. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) басты беті ашылады.

«ЭЦҚ кілттерін алу» мәзірін басыңыз. Қажетті бөлімді таңдаңыз: «Бейрезиденттер». «Ұйым қызметкері» бөлімін таңдаңыз.

Экрандағы ақпаратпен танысыңыз. Өтінім беру тәсілін таңдау құжаттардың болуына байланысты:

• Тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі болған жағдайда – «Өтінімді қашықтан беру» батырмасын басыңыз.
• Бұл құжаттар болмаған жағдайда – «Өтінімді ХҚКО арқылы беру» батырмасын басыңыз.