Бұл нұсқаулық бейне-сәйкестендіруден 5 рет өте алмаған және/немесе ЭЦҚ кілттерді алуға өтінімді ХҚКО/шетелдік мекеме арқылы беретін пайдаланушыларға арналған.
Браузерді іске қосып, мекенжай жолына: pki.gov.kz/poluchenie-con-2/ енгізіңіз.
Қажетті бөлімді таңдаңыз.
Ақпаратпен танысып, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.

Келісіммен танысып, келісетін болсаңыз, «Енгізу » батырмасын басыңыз.

Барлық міндетті өрістерді мұқият толтырыңыз.


«Электрондық пошта» өрісіне электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз (өрісті толтыру міндетті емес). Көрсетілген электрондық поштаға сертификаттардың күйі туралы ақпарат және өтінім нөмірі жіберіледі.
Назар аударыңыз! Егер сіздің деректеріңіз ЖТ МДҚ базасында болмаса, қалаңыздағы Әділет департаментінің Құжаттандыру бөліміне жүгінуіңізді сұраймыз.
Назар аударыңыз! «Электрондық пошта» өрісін мұқият толтырыңыз. Қате жіберілген жағдайда, сертификаттардың күйі туралы хабарламалар мен өтінім нөмірі көрсетілген электрондық пошта мекенжайына келмейді.

Келісімді растағаннан кейін кілттерді сақтау орнын таңдау терезесі ашылады.
«Қойма түрі» өрісінде қолжетімді нұсқалардың бірін таңдаңыз.
«Сақтау орны» өрісінде ЭЦҚ кілті сақталатын буманы көрсетіп, «Ашу» батырмасын басыңыз.
Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» сақтау орны қауіпсіз емес болып табылады. ЭЦҚ кілтінің бұзылу қаупін азайту үшін қорғалған кілттік ақпарат тасымалдағышын пайдалануды ұсынамыз. Егер қорғалған тасымалдағышты пайдалансаңыз, оны компьютерге қосыңыз – жүйе оны автоматты түрде анықтайды.
Назар аударыңыз! «Қазынашылық-Клиент» АЖ қатысушысы» шаблон түрі үшін тек қорғалған кілттік ақпарат тасымалдағышы қолданылады. ЭЦҚ кілтіне жеке құпиясөз орнатылмайды – кілтке қол жеткізу қорғалған тасымалдағыштың құпиясөзі арқылы жүзеге асырылады.

Кейін өтінімнің мәртебесі мен бірегей нөмірі көрсетілген терезе ашылады.

Осы терезеде PDF немесе DOCX форматындағы өтінішті тиісті батырманы басу арқылы жүктеп алуға болады.
Назар аударыңыз! Өтінім нөмірін сақтап қойыңыз. Ол ХҚКО/шетелдік мекемесінде өтінімді сәйкестендіру және шығарылған сертификаттарды орнату үшін қажет болады.
Маңызды! ҚР ҰКО ақпараттық хаттың жеткізілуіне жауап бермейді. Егер хат келмесе, «Спам» бумасын тексеріңіз, көрсетілген электрондық пошта мекенжайының дұрыстығына көз жеткізіңіз немесе пошта серверіңіздің сенімді екеніне көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыз! Өтінім берілгеннен кейін заңды тұлғаның бірінші басшысына өтінімді заңды тұлға басшысының жеке кабинетінде құптау қажет.
Назар аударыңыз! Өтінім берілген күннен бастап 1 ай ішінде қажетті құжаттар топтамасымен ХҚКО/шетелдік мекемесіне жүгінуіңіз қажет. Егер көрсетілген мерзім ішінде өтінім расталмаса, өтінімнің күші жойылады. Қажетті құжаттар тізімімен ресми сайтта танысуға болады.